Алматыда тарихи сериалдардың таныстырылымы өтті

Отандық телеарналар түсірген тарихи сериалдардың таныстырылымына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды Хабар 24.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, кейінгі 5 жылда Қазақстанда 200-ден астам сериал түсірілген. Оның төрттен бірі ел тарихынан сыр шертеді. Биыл отандық телеарналарда ұлт қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Жұмабек Тәшенев, Қаныш Сәтбаев, Мұқағали Мақатаев және Роза Бағланова секілді тұлғаларға арналған фильмдер жарыққа шығады. Роза Тәжібайқызы туралы «Бұлбұл» деп аталатын сериал «Хабар» арнасының төл туындысы. Жоба атақты опера әншісінің 100 жылдығына арналады. Түсірілім жұмысына әншінің пәтері мен киген киімдері де қолданылған. Мемлекеттік хатшы ұлттық рухани жобаларды жүзеге асыруда тарихи телехикаялардың алар орны ерекше екенін атап өтті.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

– Біз осы уақытқа дейін көптеген тарихи сериалдарды жарыққа шығардық. Алдағы уақытта да бұл үрдіс жалғасын табатыны анық. Өйткені қазіргі цирфрлық кезең дамыған тұста кейінгі жас ұрпақтың өзін-өзі тануына тарихи дүниелер септігін тигізетіні анық. Осындай тарихи сериалдар арқылы адамдарға біздің еліміздің тарихын, бай мәдени мұрасын жеткізгіміз келеді.