loader


Американың 1942 жылы КСРО-ға берген мотоциклы біздің Петропавлда тұр

Петропавлға барсаңыз ескі мотоциклдердің түр-түрін көре аласыз. Аты ескі болғанмен заты жап-жаңа, зауыттан қазір ғана шыққандай. Коллекционер Илья Загола 40-қа жуық мототехниканы жаңартып, гаражын музейге айналдырған. Ең бастысы, мотоциклдердің жоқ-жітігін де шетелден алдырып, зырылдатып қойған.

- Это 40 моих любимцев. 40 моих мотоциклов. Для кого-то это конечно может быть просто железой, а для меня часть жизни наверное.

Қала тұрғыны Илья Загола мотоциклге бала кезінен жаны құмар. Алғашқы екі дөңгелекті көлігін 1997 жылы сатып алып, коллекция жинай бастаған. Бүгінде оның гаражынан мототехниканың бірнеше түрін кездестіресің.

Илья Загола, қала тұрғыны:

- Ескіні қалпына келтіріп, жоқтан бар жасау оңай шаруа емес. Себебі көбінің бөлшектері қазір жоқ. Дегенмен, қызығушылығық пен ынтаң болса, бәрін жетілдіруге болады. Кейде табылмай жатқан бөлшектерін тұрғындар әкеліп береді. 

Ильяның мотоцикл құрастырып жатқанына 11 жылға жуықтаған. Бөлшектерінің басым бөлігін жаңалапты. Ең бастысы, техниканың түпнұсқа шанағы жақсы сақталған. 

Илья Загола, қала тұрғыны:

- Негізінен бұл мотоцикл КСРО-ға Америка тарапынан көрсетілген көмек ретінде жеткізілген. Ол 1942 жылғы. Мен мұны Өскеменнен тауып, сатып алдым. Қазір қозғалтқышын жөндеп жатырмыз. Кей бөлшектерін тіпті Америкадан сатып алдық. 

Коллекционерге мотоциклді жинауға әкесі көмектеседі. Бүгінде оның 1968 жылғы мотокөлігі де жүріп тұр.

Сергей Загола, қала тұрғыны

- Мына мотоциклді 1973 жылы сатып алғам. Бірақ 90-жылдары оны біреулер қолды қылды. Кейін ұлдарым оны темір-терсек қабылдайтын орыннан тауып алып, қалпына келтіріп, қайтадан маған сыйға тартты.

Коллекционер 25 жылда 40 мотоциклді қайтадан құрастырып шығарған. Осылайша ол бүгінде гаражын шағын музейге айналдырды.

Сондай-ақ...