425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

1,5 млрд тыңдалым. Imanbek тағы бір жетістігі үшін марапатталды

  • 138
  • UPD: 09:40, 18.01.2022
1,5 млрд тыңдалым. Imanbek тағы бір жетістігі үшін марапатталды Azattyq Rýhy

Қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов Roses – Imanbek Remix трегі 2021 жылдың қазан айында әлем бойынша 1 млрд тыңдалым жинап, ТМД-дан осы жанрда суырылып шыққан алғашқы музыкант болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК мәліметінше, Spotify музыкалық қызметі осы трек үшін Иманбекті марапаттады. Қазіргі уақытта оның тыңдалым саны 1,5 млрд-тан асты.

Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық диджей Куга және британдық әнші Дуа Липа алған болатын.

«Менің шығармашылығым бүкіл әлемнен өз жанкүйерлерін тапқаны өте тамаша. Spotify-де басқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қатар атымның аталуы екі есе жағымды», – деді Imanbek.

Ремикс американдық рэпер SAINt JHN-нің Roses трегі 2019 жылы жарыққа шығып, қысқа уақытта әлеуметтік желілерде танымал болды, ал тиктокта «вирусқа» айналды. 2020 жылдың желтоқсанында композиция Spotify-дің әлем бойынша тыңдармандары арасындағы ең танымал 5 тректің қатарына енді.

Хабар 24 телеарнасы