476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркия төрінде Ақсақалдар кеңесі өз жұмысын бастады  

  • 226
  • UPD: 13:43, 11.02.2022
Түркия төрінде Ақсақалдар кеңесі өз жұмысын бастады   

 

Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің Ыстамбұлда үш күндік отырысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата дәстүрді жандандырған жаңа ережеге сай өтіп жатқан жиынға мүше мемлекеттердің ақсақалдары қатысуда. Алқалы жиын барысында түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған «Түркі әлемінің келешегі-2040» тұжырымдамалық құжатының іске асу барысы талқыланып, аға буын өздерінің ақыл-кеңесі мен бағыт-бағдарын берді. Кеңестің Қазақстан атынан мүшесі Икрам Адырбеков Түркі инвестициялық қорының штаб-пәтерін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңына орналастыру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қолдап, Түркістан қаласында «TURAN» Арнайы экономикалық аймағын құру туралы ұсынысымен таныстырды әрі тараптарды аталған жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Икрам Адырбеков, ТМҰ ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

– Мемлекет басшыларының шешімімен ақсақалдар кеңесі бүгінгі күні жұмысын жандандырып отыр. Ыстамбұлда кеңестің 12 сессиясы өтуде. Мұндағы негізгі мақсат – саммитте қабылданған құжаттардың орындалу барысы және жұмыстарымен танысу. Сол бойынша ұсыныстар енгізу. Соның ішінде Түркістанды түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде дамыту. Түркі әлеміне таныстыру. Осы бағытта нәтижелі жұмыстар атқару.

Хабар 24 телеарнасы