Қазақстандық кино: артығы мен тыртығы

Қазақстандық режиссерлердің еңбегіне шетелдік әріптестері жоғары баға беріп жатыр. Көп туынды көзі-қарақты көрермен көңілінен шықты. Мәселен, «Схема» фильмінің Берлин-аледегі нәтижесі осыған дәлел. Режиссер Асқар Шалмановтың Алматы облысының көрікті жерлерін көрсететін виртуалды картинасы да «Канн арыстандары» халықаралық шығармашылық фестивалінде көрсетілді.

Қазақстандық кино саласының болашағы зор, бірақ түйткілі де көп. Тақауда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бірқатар кемшілік барын айтты. Мәселен, кейінгі 30 жылда «Қазақфильм» 600 фильм түсірген. Айналымға небәрі 52-сі ғана шықты. 

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Ақшасын ақтаған фильмдер санын айтпаймын. Әйтпесе, әңгіме сол тақырып төңірегінен шықпай қалуы мүмкін. Әдетте, көбіміз идеология қажеттілігі туралы айтып жатамыз. Осы бағытта жөн сілтейтін жаппай киноөнім шығару керек. Қазақстандық көрермен көп жағдайда балаларға арналған отандық контенттің жоқтығына шағымданады. Әсіресе, балалар жылында бұл мәселе өзекті екені рас.

Саладағы жетістіктерге тоқталсақ. Жуырда режиссер Фархат Шәріповтың «Схема» фильмі ауыз толтырып айтарлықтай халықаралық жүлдеге ие болды. Германияда Берлинале фестивалінің Дженерейшн санатында Гран-при жеңіп алды.

Фархат Шәріпов, «Схема» фильмінің режиссері:

– Сценарий жазу оңайға соқпады. Оқиға желісін түсірілім барысында өзгертіп отыруымызға тура келді. Өйткені вирусқа байланысты жарияланған карантиндік шектеулер кесірін тигізбей қомайды. Осылайша, жұмыс уақыты бір жылға созылып кетті. Сценарий мазмұны қазіргі заманға сай шынайылығымен күрделене түседі.

Кинофестивальде Қазақстаннан үш фильм ұсынылды. Олар: «Схема», «Айқын» және «Бақыт». Кейінгі кезде интернет-сериалдар да алға жылжу байқалады. 12 сериядан тұратын «5:32»-нің өзін айтсақ жетіп жатыр. Әйтеуір, шетелдік көрерменге ұнап жатыр.

Ерен еңбекті үлкен экранға шығаруға не кедергі? «Қазақфильм» жұмысы туралы сыни пікірді киностудия президенті Ақан Сатаев та сөз етті. Кәсіби қызметкерлердің тапшылығы бар. Қағазбастылық. Кино нарығының қыр-сырын түсіне бермейміз. Авторлық құқыққа қол сұғу көп, дейді режиссер. 

Кезінде «Перекресток» сериалы көп көрермен жинады. Тәуелсіздік алған тұста алматылықтардың қарапайым өмірін көрсетті. Бірақ 90 жылдары отандық сериалдар нарығында таңдау аз болатын. Ал қазір саннан сапа іздейтініміз рас.

Мирлан Алтынбек, Марк Брюшко