Түркістан облысынан 100 жылдық арба табылды

Түркістан облысынан 100 жылдық арба табылды

Түркістан облысы Шұбар ауылындағы Арыс өзенінен ХІХ-ХХ ғасырға тиесілі арба табылды.

Қажымұқан атындағы облыстық музейдің мамандары мұны құнды жәдігерге жатқызады. Екі доңғалағы ғана сақталған арба су түбінде ұзақ жатқан. Мамандар темір бөлшектері мен құрастыру технологиясына қарап 1920-1940 жылдары қолданылған деп болжап отыр. Олар арбаны бастапқы қалпына келтіріп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ауыл маңындағы көне қала орнынан бұған дейін құмыра мен тұрмыстық ыдыстар табылған еді. Барлық археологиялық жәдігерлер жергілікті Ишан базар мешіт-музейінде сақтаулы тұр.

Ерік Әшірбердиев, облыстық Қажымұқан спорт музейінің сектор меңгерушісі:

- Алдағы уақытта білікті маман реставраторларды Отырар музейіне хатпен шығып, шақыртып солармен консультация аламыз. Реставрация жөнінде жұмыс атқарамыз деген мақсатымыз бар.