Жақында Қазақстанда голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі шешілетін болады

10 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures-бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде. Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ.

Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады.