«Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы дәстүрге айналмақ – Түркістан облысы

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Мектебіңе домбыра сыйла» атты акция бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Макаренко атындағы жалпы орта мектебіннен бастау алған игі шара Азаттық ауылындағы «Түркібасы» жалпы орта мектебінде жалғасын тапты. Өнегелі іс-шараға ел ағалары мен мектеп ұжымы қатысты. Береке мен бірліктің, бауырмалдық пен достықтың мерекесі Наурыз мейрамымен жиналған қауымды құттықтаған аудан әкімі Нұрлан Байғұт 15 оқушыға домбыра сыйға тартты. Мектепішілік домбыра үйірмесіне қатысушы оқушылар алдағы уақытта осы домбырамен өнер көрсетпек. Аталған шара алдағы уақытта эстафета ретінде өз жалғасын табады. Мәдени шарада ел ағалары мектеп оқушыларын өнерге баулу мақсатында жүзеге асып жатқан акцияға ризашылығын жеткізді.