Қазақша мультфильм көресіз бе?

Көрермендер пікірі қандай екенін білдік.

- Менің екі балам бар. Қазақша мультфильмдер көреміз. «Балапан» әрқашан қосылып тұрады. Бірақ «Балапандағы» барлық мультфильмдер қазақ тілінде тұрады ғой, оларда аударылған.

- Қазақша мульфильмдерді әлі көрген жоқпын. Соңғы көргенім – «Көліктер-2» мультфильмі. Қазақ тіліне аударылған болды.

- Мен көргендердің ішінде «Көліктер-2» мультфильмі бар. Басқа білмеймін.

- Қазіргі балалар орысша көреді, қазақша мультфильмдерден «Ер Төстік», «Қалқанқұлақ» бар ма, білмеймін. Әрине, қазақша толық мазмұнын сақтап, аудара алмайды. Кейбір сөздері түсініксіз.

- Қазақ тілінде мультфильмдерді балаларыма көрсетуге тырысамын. Себебі мен олардың тілінің қазақша шыққаннын қалаймын. Қазақша тілі шыққан бала қазақша ойлайды. Оған қатты көңіл бөлемін. Ата-әжесі де соған көңіл бөледі.