Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымы диаспораларының форумы басталды

Түркияның Бурса қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы диаспораларының форумы басталды. Жиынға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, келіссөздер жүргізеді.

Айта кетейік, форумға Қазақстан делегациясы да қатысты. Жалпы, түркі әлемінің ынтымақтастығын күшейтуге арналған шара 3 күнге жалғасады. 

Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:

- Түркі тілдес мемлекеттердің шетелдегі мәдени мұраға жататын ескерткіштері, көптеген объектілері бар. Олардың ортақ базасы жоқ. Тізімін жасау туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Екіншісі, түркі әлемінде әйгілі керемет орын алған тұлғалардың базасын жасау. Себебі, ертең мұның барлығы өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жеткізу мен таныстыруға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Сондай-ақ...