Балалар қазақша мультфильм көре ме?

Бүгін – Бүкіләлемдік мультфильм күні. Бұл дата 2002 жылдан бері аталып өтеді. Осыған орай қазақ мультфильмінің жағдайы қалай екен деген сұрақ туындайды. Мамандардың пікірінше, соңғы 10 жылда қазақ анимациясының аяқ алысы жаман емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік арналарда көрсетілетін мультфильмдердің басым бөлігі қазақ тілінде шыға бастады. «Дегенмен, бұл саланы әлі де болса қаржыландыру қажет. Мықты мультипликаторлар жетіспейді», – дейді мамандар. Биыл қазақ анимациясына 55 жыл. Қазақ тілінде шыққан ең алғашқы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильмді Әмен Хайдаров түсірген еді. Содан бері елімізде 300-ге тарта анимациялық фильм жарыққа шыққан екен. Біраз жыл тоқырауға ұшыраған мультипликация саласы кейінгі 10 жылда жаңа серпін алып, дами бастады.

– Маған «Али мен Айя», «Бетперделі батыр», «Күлше қыз» ұнайды». 00.02:57

– «Алдар көсе», «Сиқырлы тас», «Балапан», 00:07:41 СКЛ 00:07:48 «Маған олар ұнайды. Өйткені олар қызық.

– «Құйыршық»,  «Қажымұқан» соларды жақсы көреді. Өйткені сондайға қызығады өзі. Күреске, палуандарға. Сондай көреді көбінесе, қазақи. Ертегілерді жақсы көреді.

Соңғы он жылда  Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен 50-ден астам анимациялық фильм түсіріліпті. Қазір бұл салада  жұмыс істеп жатқан 20 жеке студия бар. Олар негізінен мемлекеттік тапсырысты орындайды. Соның нәтижесінде «Алпамыс», «Батыл балапандар»,  «Ертемір» сынды мультфильмдер жарыққа шықты. Алайда, бала талғамынан шығатын сапалы өнім жасап шығаруға ең алдымен уақыт пен қаржы қажет. Бірақ  ең бастысы талантты да талапты мамандар керек. 

Ділшат Рахматуллин, анимациялық студия жетекшісі:

– Жеке бизнес анимацияға келсе мен ойлаймын ол өте жақсы драйв алып келеді деп. Анимация дамиды. Біз оған келе жатырмыз. Құдай қаласа қазір жеке бизнес оған қарап жатыр. Қазір ютубта, кинотеатрларда ақша табуға болады. Сондықтан ақрындап ол да болады деп ойлаймын.

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігі жұмыс істейді. Бірлестік 40-тан аса қысқаметражды және 3 толықметражды анимациялық фильмді жарыққа шығарды. Олардың ішінде қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толық метрлі «Ер Төстік және Айдаһар» мультфильмі бар. Сондай ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» көмегімен биыл 5 жоба өндіріске жіберілген.

Адай Әбелдинов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» бас продюсері:

– «Кенже қыз» деген бар 10 бөлімнен тұратын анимациялық сериал. Оның барлығы қазақ тілінде түсірілген мултьфильмдер. «Бесік жыры» деген қысқаметрлік мультфильм бар. Сосын сақ дәуірін баяндайтын«Алтын адам» деген Қазақфильм киностудиясында толық метрлі фильм түсіріліп жатыр.

Биыл кішкентай көрермендер отандық арнадан «Еркетай» және «Керуен оқиғасы»   мультфильмдерін  тамашалай алады. Қазақ тіліндегі анимациялық картиналардың жыл сайын артып жатқаны жақсы үрдіс. Бұған дейін жарыққа шыққан қысқаметражды «Аю мен қоян», «Алдар көсе», «Қошқар мен Теке» сияқты оншақты туынды Ютуб әлеуметтік желісіне жүктеліп, 17 милионнан  астам қаралым жинады. 

Авторлары: А. Садуақас, В. Лобанов