«Хабар» арнасы Димаш Құдайбергеновтің Дубайдағы концертін көрсетеді

Жуырда «Хабар» телеарнасы Димаш Құдайбергеннің пандемиядан кейінгі алғашқы жеке концертін көрсетеді.

Күллі әлемді ғажайып дауысымен таңғалдырып жүрген орындаушының ән кеші Дубайдағы әйгілі Coca-Cola Arena кешенінде өтті.

Қазіргі уақытта медиахолдинг шоуды тарату құқығы бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді шешумен айналысуда.