Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылды

Алматыда халық әртісі Роза Бағланованың ескерткіші бой көтерді. Күміс көмей әншінің қола мүсіні өзі талай жыл еңбек еткен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының алдына орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Роза Тәжібайқызының туғанына – 100 жыл.

Ол өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде бастаған. Екінші дүниежүзілік соғыста майданда концерт беріп, сарбаздардың рухын көтерді. Ұлттық ән өнерін биік шыңға көтеріп, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Өзге халықтардың әндерін де нақышына келтіре орындады. Халық қаһарманының ғасыр тойына орай ел ішінде және халықаралық деңгеде іс-шаралар өтеді. 

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері:

– Халқымыздың әдемі қызы Розаға ескерткіш ашып жатырмыз. Бұл бір жаңалықтың басы, Розаны енді жалғыз Қазақстанның халқы емес әлемнің халқы біледі. Розаның халыққа еткен еңбегі соғыс жылдарда да орасан.

Марал Бағланова, Роза Бағланованың келіні:

– Осы отбасына келін болып түскенім мен үшін үлкен бақ деп ойлаймын, бақыт деп ойлаймын. Осындай үлкен кісінің тәрбиесін көрген, көзін көрген. Біреу қолын ала алмай арманда кеткен адамдар бар, ал мен қасында 11 жыл түнімен, күнімен қасында болып, қас-қабағына қарап, батасын алып қалған келінімін. 