EL ARNA телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

EL ARNA телеарнасына директор болып Алманов Нұрбол Мейрханұлы тағайындалды.

«Нұрбол Мейірханұлы – отандық тележурналистика саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі маман. Ол «Таң», «НТК», «Қазақстан», «Хабар» сияқты республикалық телеарналарда жемісті еңбек етіп, бірқатар авторлық жобаға жетекшілік етті. Сонымен қатар партия жұмысына белсенді араласып, қоғамдық-саяси салада мол тәжірибе жинады. Соңғы уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Жол активтері ұлттық сапа орталығының Қоғаммен байланыс департаментін басқарды», – деді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли.

Білімі:

1997 – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясы, «Кинотанушы-редактор» мамандығы

2015 – Университет «Тұран» Астана қаласы, «Заң» мамандығы

2019 – ТарМУ, «Журналистика» мамандығы

Ал еңбек жолын «Таң» телерадиокомпаниясында Ақпараттық қызметтің тілшісі, «Алматы айнасы» ақпараттық-талдау бағдарламасының редакторы болып бастады.

Бүгінге дейін ҚР Индустрия және ифрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қоғаммен байланыс және баспасөз қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.