Елордада оркестр ардагерлердің ауласына барып, концерт қойды

«Айбынды ардагерлер». Дәл осындай атаумен елордада ерекше концерт өтіп жатыр. Оның аясында үрмелі аспаптар оркестрі қарт майдангерлердің ауласына барып, түрлі туындылар орындайды. Келе жатқан мерекелерімен құттықтайды. Айта кету керек, арнайы акция осымен 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. 

Елордадағы экскурсиялық автобус бүгін көшпелі сахнаға айналды. Мемлекеттік филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі осылай көше аралап, ардагерлерге ерекше сый жасады. Әр майдангерді айтулы мерекемен құттықтап, әскери-патриоттық әндерді орындады. 

Ақұлан Тастемір, Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:

- Жыл сайын бізді асыға күтеді. Ерекше шара. Ардагерлеріміздің ең жасы десек 92-де, үлкені 99-ға келіп жатқан ардагерлер бар. Арасында төсек тартып қалғандары да бар. Ол кісілерді еш мазаламай, орнынан тұрғызбай, жатқан жерінде оркестерді өзінің құлағымен төменде, балконда немесе бірінші қабатта орындайтын боламыз.

Өкіншітісі сол, жыл өткен сайын сайын майдан көрген қариялар қатары сиреп барады. Бүгінде елордада 18 соғыс ардагері тұрады. Ұйымдастырушылар осындай форматтағы концерт арқылы олардың ерлігі мен рухына бас иіп, барынша құрмет көрсеткіміз келеді дейді. Ал ақсақалдар ризашылық танытып, батасын беріп жатыр.

Жүсіпбек Кәрімов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

- Жастарда бірлік болсын. Бірлік бар жерде тірлік бар. Осы балапандарым оқып, елдің алына шығып, еліміз қадірлі ел болсын. Енді басқа не айтайын. Әмин. Рахмет.

Қалалық әкімдіктің көшпелі концерті осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұр және жыл өткен сайын орындалатын шығармалар тізімі толықтырылады. Бас-ықасындағы мамандар алдағы күндері Жеңістің 77 жылдығына арналған тағы бірқатар шара өткізуді жоспарлап отыр. 

Аслан Қаженов, Арман Ақшабаев