Елордада Отан қорғаушы күніне арналған эстафета өтті

Елордалық оқушылар мен студенттер мерекелік демалысты ерекше форматта қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қала орталығына жиналып, арнайы эстафета ұйымдастырды. Бас-аяғы 500-ден аса өрен Жеңіс даңғылынан бастап, Талғат Бигилдинов және Әлия Молдағұлова көшелерін кесіп өтті. Ал жарыс мәресі Бейбітшілік көшесіне белгіленген. Басы-қасындағы мамандар дәл осы аралықты арнайы таңдағанын алға тартады. Осылайша жас спортшылар 1 сағатта 5 шақырымды бағындырды. Бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы осындай үлгідегі жарыстарды тұрақты өткізуді жоспарлап отыр. Өйткені бұл бұқаралық спорттың дамуына көмектеседі және жастарға патриоттық тәрбие берудегі маңызы ерекше дейді.