Театр және кино актері Сағат Жылгелдиев дүниеден озды

Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Сағат Жылгелдиев өмірден озды.

Бұл туралы «Хабар 24» театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

17.05.2022 жылы сағат 09:00-де МҰРАТБАЕВ 48 мекен-жайында ЖАНАЗАСЫ;

17.05.2022 жылы сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында ҚОШТАСУ РӘСІМІ өтеді.

Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды» делінген хабарламада.