Әуезовтің 125 жылдығына орай пікірсайыс турнирі өтті

Ақтауда Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын жетік білетін оқушылар өзара сынға түсті. Танымдық сайыс пікірталас форматында өтті. Дебатқа 27 мектептен команда қатысты. Тапсырманы орындау кезінде қарсыластың қателескен жерін екінші топ сынап, әрі түзетіп отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғам қайраткерінің «Абай жолы» романынан бастап, басқа да шығармаларының мазмұнын қатесіз айтып берген 10 оқушыға жолдама берілді. Олар таяу күндері жазушының туған жері Семейге саяхаттап барады. Айта кетейік, бұл сайыс «Балалар жылы» және М.Әуезовтің 125 жылдығына орай өткізілді.

Тұмарис Алламұратова, дебатқа қатысушы:

Дебат жобасының қарқын алуы мен үшін ең керемет бастама деп есептеймін. Сосын бұл жоба бізге не берді деп айтар болсақ, қарсылас шығушыларға өз ойымызды жеткізу үшін шығарманың барлығын оқып шықтық десек те болады. М.Әуезовтің, яғни, біз оның шығармашылық өмірімен толықтай таныстық деп айта аламын.