Таразда сарысулық педагог-жазушы, журналист Ақерке Құлыбекованы еске алу кеші өтті

Шара ақының өзі еңбек еткен Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Кеш барысында «Киелі өңір – өлке өлең» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Өлеңдер жинағына ұстаз-ақынның туған жер, табиғат, достық, бала тәрбиесі тақырыптарында жазылған шығармалары топтастырылған. Кітаптың алғашқы бөлігі 300 данамен жарық көрді. Айта кету керек, Ақерке Құлыбекова алғаш рет мектеп ішілік «Даму» журналының негізін қалаушы педагог. Оның шығармашылығы негізінен ұстаздыққа бағытталған.

Сайлау Құлыбеков, ақынның әкесі:

– Барлық тақырыпта жазған. Адамгершілік тақырыпта, достардың өзін сынға алған. Батырлыққа халықты мынау Отанды қорғауға деген ел туралы көптеген өлеңдері бар. Шығармашылығында жалпы жаман істен сақтандырады.

Гүлнәр Есмаханова, журналист:

Журналистика саласына ол бірінші кезекте жұмыс істеді деп ойлаймын. Себебі оның дәрісін алған көптеген оқушылары бүгін осы іс-шараға қатысты. Және де халықаралық дәрежеде де республикалық дәрежеде де журналистерді дайындап салаға үлкен еңбек етті.

Сондай-ақ...