Щучинск қаласында «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі өтті

Щучинск қаласында «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі өтті

Щучинск қаласында әскери тақырыптағы «Ұлы дала ұландары» атты көшпелі көрме өтті.

Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мұрындық болды. Экспозицияда курсанттарға қазақ сарбаздарының жауынгерлік ерліктерінен сыр шертетін қару-жарақ пен басқа да жәдігерлер көрсетілді. Көшпелі көрмеге бас-аяғы 200-ден астам артефакті қойылған. Бұдан бөлек қазақ батырлары мен Отан соғысы ардагерлері жайлы жазылған ақпараттық бұрыштар да бар. Осылайша болашақ әскерилер, бүгін күні бойы ержүрек бабалары мен қорғаныс саласында еңбек еткен алдыңғы буын ағаларының ерен еңбегіне қанық болды. Аталған көрмені жергілікті мектеп оқушылары да тамашалады.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының өкілі:

- Ерекшелігі әрине, біріншіден, біз алғаш рет Бурабай ауданының тұрғындарына үлкен кешенді көрме жобасын және экскурсия жобасын әкеліп отырмыз. Ол жерде алғаш рет 19-ғасырдың түпнұсқаларының қатарында біраз біздің кілем, кітап, бағалы металл топтамаларынан үзінділер көрсетіп отырмыз.

Бағдәулет Жамантай, әскери колледждің курсанты:

- Мұнда маған қатты ұнағаны – Бауыржан атамыздың төсбелгілері. Мынау тұрған Елбасымыздың жазбалары және де осында тұрған барлық көне бұйымдар, ата-бабамыздың кезіндегі сауыт-бұйымдары өте қатты ұнады.