Әзірбайжандық режиссерлердің «Төзгісіз» фильмі үлкен экранға шықты

Фильмде мінезі өте қиын Әділ деген жігіттің өмірі баяндалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірде оны бұзақылар пышақтап кетеді. Жарақаты ауыр болып, ауруханаға түседі. Ол сонда жатып, мүмкіндігінше – тезірек сауығып қалыпты өмірге оралуды армандайды. Ауруханадан шыққан соң Әділ күтпеген оқиғаға тап болады. Одан шарасыз қалған бір әйел келіп көмек сұрайды. 

Талех Юзбеков, фильм режиссері:

Фильм мінезі өте қиын адам туралы. Ол өзінде, жан-жағындағыларды да өте жек көреді. Туынды  мінез-құлқы адам төзгісіз адамды әр қырынан ашуға тырысады. Кино қазақстандықтарға ұнайды деп ойлаймын. Шынымды айтсам, сіздердің елдің халқы біз түсірген киноға қалай баға береді екен деп толқып тұрмын.

Фильмнің тұсаукесеріне Алматыдағы әзірбайжан диаспорасының өкілдері де қатысты. Туынды авторлары мен Kinopark & Kinoplexx кинотеатрлар желісі басшылығының пікірінше, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара мәдени алмасу екі халықтың бауырластық байланысты нығайта түседі. Айта кетейік, біздің отандық екі фильм  Әзірбайжанда көрсетіледі.

Диана Снегина, Partners Media Group PR-директоры:

Білесіз бе, достық баға жетпес байлық. Осы кинотетрда жүріп қаншама достарымды, таныстарымды кездестірдім. Өз басым осындай кинолар бізді өмірге жаңаша қарауға оны бағалауға сеп болады, деп білемін. Әзірбайжан мен үшін жат ел емес. Мен өзім Бакуда дүниеге келгем. Сондықтан Орхан Марданның «Төзгісіз» фильмін көруге арнайы келдім.

Әзірбайжандық драманы Kinopark 11 Imax Esentai кинотеатрынан көруге болады. Фильм режиссері Талех Юзбеков қазақстандықтардан қолдау күтеді. Ол туынды көрсетілімде сұранысқа ие болады,- деп отыр.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев