470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада алғаш рет күй жәрмеңкесі өтті

  • 158
  • UPD: 23:22, 22.05.2022

Елордадағы Дина Нұрпейіслва ескерткішінің жанында күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары, студенттер мен қоғам және өнер қайраткерлері қатысты. Шарада жүзге жуық адам Дина Нұрпейісова мен өзге де танымал композиторлардың туындыларын орындап, бар өнерін ортаға салды. Халықтың қошеметіне бөленіп, күйді шебер тартқандарға арнайы сый-сияпаттар берілді. Ал үздік өнерпазға үкілі домбыра мен «Дина Нұрпейісаваның 25 күйі жазылған жинақ» табысталды. Еске салайық, Дина Нұрпейісованың ескерткіші былтыр домбыра күні қарсаңында ашылған.

Төлеген Қуанышев, «Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі:

– Басты мақсатымыз – жастарды біздің еліміздің төл өнеріне баулу. Сол арқылы тәрбиелеп, біздің еліміздің нағыз патриотты жастарды тәрбиелеуге бағышталған шара. Осы үрдіс әрі қарай жалғасын тапса деген ойымыз бар. Осылай ай сайын осы жерге халық жиналып, күй тыңдайтын болса, одан артық бізге қандай бақыт керек. 

 

Хабар 24 телеарнасы