«Қазақфильм» анимациялық жобаларға байқау жариялады

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ анимациялық жобаларға байқау жариялайды.

Конкурсқа Қазақстан, ТМД және Грузия  азаматтары қатыса алады.

Сценарийге қойылатын талаптар:

Сценарийдің бірінші бетінде келесі тармақтар (кесте) жазылуы міндетті:

  1. Сценарийдің атауы;
  2. Сценарий авторының аты-жөні (толық жазу);
  3. Байланыс нөмірі, электрондық поштасы;
  4. Фильмдердің жас санаты: 0+, 3+, 5+, 7+, 12+;
  5. Фильмнің жанры (шектеу жоқ);
  6. 6.Тілі (қазақша, орысша);
  7. Ұзақтығы -3-5 минут.

Талаптарға сәйкес жазылған сценарийлерді srk@kazakhfilm.kz поштаға жіберу керек. Өтініштер 2022 жылғы 17 мамырдан бастап 7 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

ЕСКЕРТПЕ:

Барлық сценарий өтінімдері Word форматында, сценарий талаптарын ескере отырып қабылданады.

Егер сіздің сценарийіңізді Сараптамалық кеңес бекітетін болса, бұл жобаны «Қазақфильм» АҚ өндіріске жібереді.

Сондай-ақ...