Әди Шәріпов жайлы көркем фильм түсірілді

Қазақ ғалымы, көрнекті жазушы әрі қоғам қайраткері Әди Шәріповтің жауынгерлік өмірі жайлы көркем туынды көрермен назарына жол тартты. «1941 жылдың жазы» атты кинокартинада соғыс жылдары Беларусь елінде жауға қарсы шайқасқан партизан жасағының ерлігі суреттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол кезде қазақ батыры Әди Шәріпов қол бастап, ерлік танытады. Фильмде оның алғашқы шайқасынан бастап, 1944 жылы жарақат алған кезге дейінгі өмірі көрсетіледі. «1941 жылдың жазы» фильмінің түсірілімі Беларусь Республикасында, сондай-ақ, кейбір сахналары Алматы облысында жүрді. Басты рөлді Ресейдегі қандасымыз Азамат  Нығманов сомдады. Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь актерлері қатысты. Жалпы фильм екі елдің димпломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына арналып, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Бүгінгі жабық көрсетілімді Әди Шәріповтің жұбайы Клара Жағыпарқызы да келіп көрді.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

Жалпы киноның тақырыбы өздерініз білесіздер, ҰОС-ға арналады. Өзіміздің әйгілі жазушы, ҰОС қатысушысы, партизан Әли Шарипов атамыздың жазбасына сәйкес осы кино шығып отыр. Негізгі басты мақсат сол кездегі ерлікті насихаттау келешек ұрпаққа.

Павел Утюпин, Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Беларусь елі үшін бұл өзекті тақырып. Өйткені, партизандар қозғалысы түптеп келгенде жеңіс әкелген жасақтардың қатарында саналады. Солардың ерлігінің арқасында Беларусь жері жаудан босатылды. Мақсатымыз ұрпаққа.

 

Сондай-ақ...