Күлтегін жайлы туынды 14 тілге аударылды

Күлтегін ескерткішіне арналған мәтіндер жинағы әлемнің 14 тіліне аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елордада бұл туынды қалың көпшілікке таныстырылды. Еңбек әзербайжан, моңғол, неміс, татар, қытай, француз тілдерінде жарық көрді. Жинаққа Күлтегін кешеніне қатысты тың ғылыми мәліметтер, мұрағаттағы тарихи құжаттар мен сызбалар кіргізілді.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

- Бұның ерекшелігі көне түркі заманындағы ұғымдардың бүгінгі әдеби тілдің қолданымындағы тілдегі түсінігін жеткізеді. Яғни арада 8-ғасырдан бергі дүниемен алтын көпір болып отыр. Мәдени мұра, рухани жаңғыру деп жатырмыз. Бүгінгі жаңа Қазақстанға еңбек ететін құндылығына жарайтын бағалы кітаптардың бірі болғалы отыр.