Ақтөбеде республикалық күйшілер байқауы өтіп жатыр

Әйгілі композитор, қазанғаптанушы Сәдуақас Балмағанбетовтің 80 жылдығына арналған сайысқа еліміздің бірқатар өңірі мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 30-ға жуық үміткер қатысуда.

Талап бойынша олар атақты тұлғаның шығармаларын орындайды. Сондай-ақ ұмыт бола бастаған күйлерді де тартып, насихаттайды. Күй өнерін дәріптеу мақсатындағы «Ақжелең» байқауы бұған дейін үш рет өткізілген болатын. Жеңімпаздар халықаралық деңгейде ұйымдастырылған сайыста да бақ сынады. Ал бұл жолғы шара екі күнге созылмақ.

Тұрар Әліпбаев, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры:

- Негізінен мына Сәдуақас үлкен композитор ғой. Сол кісінің өзінің төл тума шығармаларын, 20-дан астам күйлері бар, әндері бар енді бұл кісінің. Сол күйлерін дәріптеу біздің мақсатымыз енді. Бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатыр енді.