Отандық телеарналардан референдум туралы деректі фильм көрсетіледі

Қазақстандық телеарналардан көрсетілетін деректі фильмнің атауы да «Референдум», деп хабарлайды «Хабар 24».

Деректі фильм 30 мамыр күні «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» – 12:45-те, «Qazaqstan» – 16:05-те, «Qazaq TV» – 20:15-те, «Алматы» – 20:35-те көрсетіледі. Бұл фильмде Ата заңға енетін негізгі өзгерістер және оның ел дамуына ықпалы туралы лауазымды тұлғалардың ой-сараптары беріледі, сондай-ақ аймақтардағы тұрғындардың пікірлері қамтылады.