Танымал режиссер елімізде өткен референдум туралы пікір білдірді

«Жалпыұлттық рефендумның өткізілуі жаңа өзгерістерге жол ашты. Ең бастысы, елімізде демократияның бар екендігін анық көрсетті».

Танымал театр режиссері Асхат Маемиров осылай дейді. Оның пікірінше, таяуда өткен саяси шара мемлекет басшысының қазақ елін демократиялық принциптерге сай мемлекетке айналдыруға деген мақсатының алғышарты іспетті.

«Ата заңға түзетулер енгізілуімен әлеуметтік теңсіздік жойылып, азаматтық орта қалыптасады. Осылайша халықтың үні естілетін қуатты ел боламыз», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Асхат Маемиров, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Жуырда ғана Президент сол референдумнан кейін көп уақыт өтпей өзінің ойын жеткізді. Соның біреуі ұлт ұясы Ұлытауда үлкен ұлттық құрылтай өтетінін айтты. Сондықтан мен ол құрылтайдан да, келелі басқосудан да үміт күтіп отырмын. Расында да, ұлттық рухын жоғалтқан елдің ертеңі жоқ дейді. Сондықтан бұл референдум біздің ұлттық рухымызды бір биіктеткендей.