Таразда балалар театры ұжымдарының халықаралық фестивалі басталды

Қамат Қасенов атындағы халықаралық фестивальге еліміздің барлық аймағынан және қырғыз елінен 11 ұжым қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі шара балалар жылы аясында қолға алынды. Бұған дейін карантинге байланысты қашықтан өткен фестиваль, алғаш рет офлайн форматта ұйымдастырылды. Дода театр өнерін дәріптеп ұжымдардың өзара байланысын нығайтуға бағытталған. Талантты жас өнерпаздарды да іріктеу көзделіп отыр. Фестиваль 13-18 маусым аралығында өтеді.

Ақылдос Тажиев, Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры:

– Бұл Таразда ғана алғаш рет емес, бұл Қазақстанда алғаш балалар студиясының театр фестивалі деп айтсақ болады. Күніне екі-үш қойылымнан үздіксіз жүріп отырады. Тараз жұртшылығы. Өзіміздің облысымыздың балалары тегін көре алады. Бір апта бойы. Бұл қойылымдардың есігі ашық. Ешқандай билет сатылмайды.