«ТРТ Аваз» арнасында айтыс өнері жайлы арнайы сюжет шықты

Түркі дүниесінің ортақ үні - «ТРТ Аваз» арнасында қазақтың айтыс өнері таныстырылды.

Онда айтыс өнері ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар делінген.

«Өнердің ерекше түрі Маңғыстау облысындағы жоғарғы оқу орындарында мамандық ретінде үйретіліп жүр. Айтыскер ақындар ондаған дастанды жатқа айтып, қазақтың ауыз әдебиетін кейінгі ұрпаққа жеткізіп отыратын дәстүр. Сондай-ақ Кеңес кезеңінде бұл дәстүрді дәріптеушілер билік тарапынан қысым көріп жер аударылған. Дегенмен соңғы кезеңде ата дәстүр қайта жанданды» делінген.