Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек ері атағы берілді

Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек ері атағы берілді

Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайда Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді.

Бұл туралы тиісті Жарлық Ақордада жарияланды.

М.Шахановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

2022 жылғы 16 маусым

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақ әдебиетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін жазушы Мұхтар Шахановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.