Шымкентте Шәмші әндерінің кеші өтті

Сағындырған әндер-ай. Мерекелік шараға жиналған зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары ән падишасының әуезді әндерін қосыла шырқап, бір жасап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымкент мегаполис мәртебесін алғалы экомикалық әлеуеті артып, сан саланың даму моделі түрленіп сала берді. Өндірісі өркендеп, инвестициялық көрсеткіші еселеп артты. Кәсіпкерлік жанданып, құрылыс индустриясы қарқын алды.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Инженерлік инфрақұрылымға көп көңіл бөлінді. Бозарық қосалқы станциясы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тапшылығы шешілді. Олардың қуаттылығы алдағы 5-6 жылға жетеді. Кейін 2023 жылы ауыз су мен электр қуатымен қамту 100%  орындалатын болады.

Бұл қыруар тірліктің арқасында түрлі сала мамандарының қажырлы еңбегі жатыр. Осыны ескерген жергілікті билік өкілдері қаланың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен оқытушыларға, медицина қызметкерлері мен құрылыс саласының қайраткерлеріне құрмет көрсетті.

Ұлбосын Тәжібаева, Шымкент қаласының Құрметті азаматы:

- 1995 жылдан 2003 жылға дейін қалалық мәслихаттың депутаты болдым. Еңбегімді еліп, соны есептеген шығар. Ол кезде жоғарғы және төменгі Отарар мөлтек аудандарының көшелерін салғыздым. Бүкіл 36 мемлекетке өнерді дәріптеп жүрген апаңмын.

Сәуле Әбсейітова, Шымкент қаласының Құрметті азаматы:

- Медицина дамып келе жатыр. Инфаркт болған ауруларға табан астында стенд қойып, өлімнен алып қалып жатырмыз. Ол 10 жыл бұрын болмаған нәрсе еді. Қала қарқынды өзгерген.

Қала күніне арналған мерекелік шаралар апта бойына жоспарланған. Күні ертең «Шарықтай бер, Шымқала» атты қорытынды «Гала концерт» өткізілмек. Әл Фараби алыңындағы шараға белгілі эстрада жұлдыздары шақыртылған.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов