Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбек өмірден озды

Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбек 81 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарымды қаламгер облыстық газеттің дамуына үлес қосып, радиокомитеттің еңсе тіктеуіне еңбек сіңірген. Сондай-ақ жабылып қалған облыстық телеарнаны қайта ашып, талай тілшіні тәрбиелеп шығарды. Ол өмірінің соңына дейін қайраткерлік болмысы мен қайсарлығын көрсетіп, кейінгі буынға үлгі болды.

«Хабар» агенттігінің ұжымы туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Уәли Қыдыр, ҚР Журналистер одағы қалалық филиалының басшысы:

– Байдулла Қонысбек ағамыз – осы оңтүстік өңірдегі журналистиканың үлкен мектебін қалыптастырған адам. Өзінің жүріс-тұрысына мән беретін, сөзіне мән беретін, айтқан сөздері мірдің оғындай кісі еді. Сондықтан бәрімізге қаза ауыр тиіп тұр.