«Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының қазақ және ағылшын тіліндегі нұсқасы жарық көрді

Әйгілі публицистің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында  халықаралық түркі академиясы осындай тарту жасады. Жинақта Алаш қайраткерінің тарихи баяндамалары мен  бүгінгі буын зерттеушілерінің мазмұнды мақалалары топтастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құнды еңбекпен алғаш болып елордалықтар танысты. Түркі академиясы мұнымен шектелместен тағы 2 кітаптың тұсауын кесті.  «Түркістан – түрік елі» энциклопедиясы мен «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары» атты жинақтар да оқырманға жол тартты.