476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан музыкалық драма театры алғашқы маусымын жапты

  • 169
  • UPD: 21:52, 27.06.2022

Түркістан музыкалық драма театры алғашқы маусымын Дулат Исабековтың «Бөрте» пьесасымен жапты. Театр былтыр қазан айында шымылдығын осы қойылыммен ашқан болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қойылым көрерменнің іздеп жүріп көретін сүйікті спектакльіне айналды. Декорация шынайлығымен, сахна киімдері тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындығымен ерекшеленді. «Бөрте» 20 рет жұрт назарына ұсылып, оны жалпы 12 мың көрермен тамашалады. Театрда «Фариза», «Махаббат мұнарасы» және «Қорқыт туралы аңыз» қойылымдары да сахналанды. Театр ашылғалы 4 жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Басты рөлдерді елімізге танымал кино және театр әртістері сомдады.

Айнұр Көпбасарова, театр директоры, көркемдік жетекшісі:

- Болашақта да алдыға қойған жоспарларымыздың ішінде жаңа туындыларға, заманауи қойылымдарға ден қойып отырмыз. Өз көрермендерімізді жаңалықтармен, жаңа дүниелермен театрымызға келуге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы