Петропавлда мәдениет саласы мамандарына білім гранты тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет мәдениет саласы мамандарын даярлауға білім гранттары тағайындалды.

Себебі өңірде аталған салада кадр тапшылығы бар. Нақтырақ айтсақ, филармонияда, театрлар мен кітапханаларда білікті маман жетіспейді. Мұнымен қоса өңірде мәдениет саласында жұмыс істеп жүрген 400-ге жуық адамның жартысында ғана жоғары білімі бар. Сондықтан мәселені шешу үшін, жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінді. Сонымен бірге музыкалық-драма театрының актерлері және кинорежиссерлер АҚШ-та біліктілік арттыра алады.

Досбол Әбдірісов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

- Біз жылда 15-20 гранттан қосып тұрамыз. Жалпы бізде 2027 жылға дейін біздің жоспарымыз бойынша жалпы осы біздің мәдениет, өнер саласына жүз шақты жоғары білімді мамандарды даярлау, біздің мақсатымыз. Осы анализ жасаған кезде әртістердің, актерлердің, музыкалық аспаптарда ойнайтын қызметшілерді, сонымен қатар режиссермен продюсерлердің тапсшылығын көріп тұрмыз. Сондықтан та осындай үлкен жобаны жасап, оны іске асырудамыз.