«Хабар 24»тілшісі «Тұмар» байқауында топ жарды

Елдегі «Үздік журналист» біздің арнамыздың қызметкері. Хабар 24 арнасының Кореядағы меншікті тілшісі Владислав Цой «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінде «Үздік журналист» аталымына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Агенттікте он жылдан астам жұмыс істейтін әріптесіміз бірнеше тілді меңгерген, арнамызда екі тілде хабар таратады. Ұлттық жүлденің жеңімпазы екенін Владислав көрерменмен бірге бейне байланыс арқылы білді. Биыл үздіктер 10 аталым бойынша іріктелді. Жеңімпаздарға эксклюзивті мүсіншеден бөлек, миллион теңге ақшалай сый табысталды.