loader


Қазақстандық корей театры ұжымы Оңтүстік Кореяда өнер көрсетуде

Қазақ мемлекеттік корей театры Оңтүстік Корея көрерменінің қошеметіне бөленді. Чеховтың пьесасы бойынша қойылған «Шағала» шығармасын жергілікті жұртшылық жылы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалың қауым өнерпаздарға бірнеше минут қошемет көрсеткен. Водевиль «Шағала» – халықаралық жоба. Оның жетекшісі Пак Кэ Бе, режиссер Кан Тэ Сик және костюм бойынша сүретші Ким Ин Ок Оңтүстік Кореядан. Ал актерлар хореограф Анна Цой мен қоюшы-суретші Қанат Мақсұтов Қазақстаннан. Бұл шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына және алматылық корей театрының 90 жылдығына арналған. Қазақстандық әртістер өз өнерін 2-10 шілде аралығында ежелгі Конджу қаласында өтетін KomAnaRu халықаралық театр фестивалінде де көрсетеді.

Ли Джа Хён, Корея сыртқы істер министрлігінің департамент директоры:

– Дәстүрлі және заманауи көзқарастың үйлесімі динамикалық түрде көрсетілген. Чеховтың «Шағала» классикасы театрландырылған декорациямен толықтырылып, тамаша динамикалық шығарма тудырды. Классикалық оқудың мән-мағынасы сақталды, бірақ заманауи тәсілдің көмегімен көрермендерге керемет әсер қалдырды.

Елена Ким, мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры:

– Кореяға бұған дейін бірнеше рет келсек те дәл осындай жылы қабылдау болмаған еді. Біздің корейшеміз осындағы корей тілінен бөлек болғандықтан, көрермендерге бізді түсіну өте қиын болды. Сондықтан бұл жолы режиссеріміз Кан мырза орысша ойнауымызды талап етті. Бұл көпшілікке ұнады. Шығарманың түпнұсқасын тамашалағандай болды.

Сондай-ақ...