Ұлттық домбыра күні қарсаңында елордада күй керуені өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында елордада күй керуені өтті.

40-тан астам оқушы бір мезетте "Ерке сылқым" және "Кимешек" күйін орындап, ұлттық құндылықты ұлықтаудың игі көрінісін көрсетті. Сонымен қоса елдегі өзге өнерпаздарға челлендж жолдады. Осылайша атаулы мереке қарсаңында күмбірлеген қоңыр үн еліміздің түкпір-түкпірінде орындалмақ. Елордалық өрендер челленджді Алматы және Шымкент қалаларына жолдады. Игі істің қортындысы әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Ержан Ерсайынұлы, "Қоғамдық келісім" РММ аға сарапшысы:

- Жалпы қазақ пен домбыра екеуі егіз ұғым. Атадан қалған сөз бар, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дейді. Осы сөзге сүйене отырып, бүгін жас өнерпаздарды жинай отырып, челлендж ұйымдастырып отырмыз. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.