Көкшетауда бір мыңға жуық домбырашы «Домбыра Fest»-ке қатысты

Көкшетауда 1 мыңға жуық домбырашы «Домбыра Fest» фестиваліне қатысты. Олар барлығы бірге қазақтың атақты күйшілерінің танымал туындыларын орындады. Көл жағасында өткен мерекелік іс-шара. 

Дамир Берікұлы, тілші:

- «Көкшетаулық күйшілер бүгін қала аспанын керемет бір күйге бөледі. Қара домбыраның үнін естісе, рухы асқақтап, ерекше шабыттанатын қазақ баласы үшін күйдің орыны ерекше. Әсіресе Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Адайы» делебеңді қоздырады. 

«Домбыра Fest» фестиваліне қатысқандар облысымыздың кәсіби домбырашылары. Атап айтсақ, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының, Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің белді мүшелері. Араларында күй мектебінің шәкірттері де бар. Тіпті домбыра шертіп, күй тарта алатын қала тұрғындарына да шараға қатысуға мүмкіндік берілді. 

Фестиваль қазақтың қара домбырасының қасиетін арттыру, елге ұлттық өнерді насихаттау және халыққа өз өнерлерін паш ету....

Жалпы соңғы жылдары аймақта қазақтың ұлттық өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, Ақмола облысында қазір тегін жұмыс істейтін 20 шақты домбыра үйірмесі бар. Ал оларда 600-ден астам бала ұлттық аспапта ойнауды үйреніп жүр.

Дамир Берікұлы, тілші:

- Сондай-ақ биыл Бурабай мен Зеренді аудандарында күй мектептері ашылды. Әзірге оларға 50 шақты ғана оқушы барады. Дегенмен, алдағы жылдары күйшілердің қатары көбейеді, - дейді мәдениет саласының мамандары. 

Дамир Берікұлы, Виктор Полянный