Дәл қазір елордада «Жас домбыра» шоу-концерті өтіп жатыр

Мерекелік шараға киелі аспапты серік еткен дәстүрлі әншілер мен қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіздік алаңындағы мейрамға әріптесім Мирлан Алтынбек те барды. Ол қазір «Қазақ елі» монументі алдында тікелей эфирге қосылуға әзір. Мирлан, кеш жарық. Концертке келген көрерменнің қарасы қалың ба?