loader


Түркістан облысында жауынгер әйелдің қорымы табылды

Қазақ тарихына тағы бір олжа. Шымкенттік археологтар «Қызылжар» қорымындағы қазба жұмыстары кезінде 2 мың жыл бұрын өмір сүрген жауынгер ханшаның сүйегін тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қабірден сол дәуірдің қару-жарағы мен әшекей бұйымдары да шықты. Археологтардың болжамы бойынша бұл сармат тайпасына тиесілі көрінеді. Жауынгер әйелдің обасы археологтар үшін нағыз олжа болды. Олардың айтуынша, бұл қатардағы адамның сүйегі емес. Өйткені оның жанынан жебе, садақ, қанжар мен алтын жалатылған моншақтар, қола зергерлік бұйымдар да табылды. 

Александр Подушкин, археолог, профессор:

Қорымның диаметрі 22 – 25 метр. Бұл жерге атақты адамның жерленгенін оның өлшеміне қарап айтуға болады. Ол белгілі бір топтың қолбасшы әйелі де болуы мүмкін.

Жер астында ғасырлар бойы көміліп жатқан заттар қатты бүліне қоймаған. Профессор Александр Подушкиннің айтуынша, бұл самрат тайпасына жататын шамамен 50 жастағы жауынгер әйел болуы мүмкін. 

Александр Подушкин, археолог, профессор:

Қазақстанның оңтүстігі этникалық сарматтардың аумағы болып саналмайды. Бірақ бізде оны жоққа шығаратын материалдар бар. Бұл зерттелген ақпарат.

Көрші қорымда тағы бір ежелгі әйелдің обасы табылды. Бірақ тарихшыларды оның жеке заттары, яғни қола айна мен инешек қызықтырды.

Екатерина Асадчева, студент:

Айна адамның бейнесі сияқты. Бірақ адамдар оны сындырып салған. Белгілі бір жерлеу рәсімі болса керек.

Ал мына бір тақтаға 2 жарым мың жылдан асады. Қыш кестесі Күлтөбе қалашығынан табылған. Бұл экспедицияның 26-олжасы.

Археологтардың айтуынша, табылған заттар ежелгі адамдардың жоғары өркениетін көрсетеді. Олардың бәрі де музейге табысталады. Ал қазба жұмыстары жүргізілген аумақ бастапқы қалпына келтіріледі. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Катерина Попкова, Самат Нағашыбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов

Сондай-ақ...