Ақмола облысында Ботай мәдениетінің жәдігерлері табылды

Бұл жерде ботайлықтардың болғанына сену қиын. Олар осы арада өмір сүріп, ас-суын қамдаған, тері илеп, олжаларын бөліскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Археологтардың айтуынша, олардың барлығы Ботай мәдениетінің жетістіктерінен сыр шертеді. 

Руслан Хайыргелдинов, археолог:

– Биылғы қазба жұмысында Ботай қоныстарында бұрын табылмаған сүйектен жасалған пышақ табылуда. Осы пышақ екі жағынан өңделген. 40 жыл барысында Ботай мәдениетінде осындай пышақтар табылмаған және де осы қоныста қазба жұмысында гарпун табылуда. Гарпун негізінен 2000 жылдары аралығында табылған, 20 жыл бұрын. Енді осы Краснй яр қонысынан гарпунға кездесіп отырмыз ол біздің ботайлықтардың балық аулау ісімен айналысқаны туралы дәлелдемелердің бірі. 

Археологтар тұрғынжайдың орналасуы мен жоспарын анықтады. Мұнда барлығы 70 шақты үй болған. Олардың айналасында ботайлықтар тұрмысынан сыр шертетін жәдігерлер жиі кездеседі. Дегенмен, әлі де құнды заттар табылуы мүмкін.

Қанат Ескендіров, археолог:

Олардың үйлері 8 қырлы болатын. 8-6 қырлы болатын, оның макеттері Ботай қонысында да бар. Жалпы күмбезді түрде жасалған болатын. Біз осы бойынша іздеп жатырмыз.  

Ботай мәдениеті әлі толық зерттеліп болған жоқ. Айтылмаған сырлары мен шешілмеген жұмбағы жетерлік. Сол себепті ол тиісті бағасын әлі де ала алмай отыр. Мәселен, Ботай мәдениеті емес, Ботай өркениеті десек те артық болмайды дейді мамандар. Мұндағы ескерткіштер Египет пен Вавилон, Тигр мен Евфрат, Шумерлер мен аккад өркениетінен бір де кем емес. Ғылыми ізденістер жалғасын табады. Өйткені Ботай мәдениеті әлем тарихшылары үшін келешегі зор қазба орны болып қала бермек.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Аслан Әбуталипов, Виктор Полянный