Әлинұр Хамзин «Славян базары» байқауында екінші орын алды

Славян базары байқауында жерлесіміз жарады. Қазақстан атынан балалар ән байқауында сынға түскен Әлинұр Хамзин жүлделі екінші орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол алғашқы күннен-ақ үздіктер қатарынан көрінген. «Қазағым-ай» әнін орындау шеберлігі үшін максималды 70 балл жинады. Екінші кезеңнен де сүрінбей өтті. Байқауға Орталық Азияны қоспағанда Египет, Хорватия,  Эстония сынды 15 елден үміткер қатысты. Бас жүлде Беларусь орындаушысына бұйырса, бірінші орынды ресейлік өнерпаз алды.

Әлинұр Хамзин, «Славян базары» халықаралық ән байқауының екінші орын иегері

- Көңіл күйім  тамаша. Мен үшін үлкен жетістік. Мен енді славиян базарымен тоқтамаймын, қазақтың өнерін басқа халықаралық конкурстарда дамыта беремін.

Сондай-ақ...