Павлодардағы музей құнды жәдігерлермен толықты

Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қоры құнды жәдігерлермен толықты.

18-ғасырда өмір сүрген емші, көріпкел Сары бәйбішенің жеке заттары музейге қойылды. Бұл дүниелерді емшінің ұрпағы жарты ғасыр бойы сақтаған екен. Оның ішінде емге қолданған қойдың жауырын сүйегі де бар. Сондай-ақ 18-ғасырға тиесілі Құран кітаптың беттері мен көне тұмар табысталды. Емші өз заманында халық арасында Сары ана атанып кеткен.

Шайку Әленова, емшінің ұрпағы:

– Бұл жәдігердің қолымда тұрғанына 48 жыл болды. Әуелде менің сіңлімде болған, содан кейін менің қолыма келді. Осыдан 5-6 жыл бұрын сұрағанда мен бермедім, музейге беремін деп. Енді қазір музейге тапсырайын деп жатырмын.

Сондай-ақ...