Бейсен Құранбек туралы кітаптың тұсауы кесілді

Бейсен және Болмыс. Елордада осындай атаумен жарық көрген Бейсен Құранбек туралы кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Туындыда белгілі журналистің өмір жолы, ұстанымы, еңбегі баяндалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кітатың шығуына «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры мұрындық болған. Айта кетерлгі, бұл қордың да атауын Бейсен Құранбек қойыпты. Бүгінде құрылғанына 10 жыл толған ұйымға кезінде қал-қадірінше қолдау көрсеткен. Марқұм «Отбасы хрестоматиясы» сериясы аясында баспадан шыққан кітаптың 200 данасын сатып алып, аз қамтылған отбасыларға таратқан да екен. Алдағы күндері  «Бейсен және болмыс» кітабы Қарағанды және Павлодар қаласының тұрғындарымен қауышады.

Саят Баймұратұлы, «Отбасы хрестоматиясы» қорының Нұр-Сұлтандағы өкілі: 

- Жалпы тұлғаның қандай болу керектігін жан-жақтан, Бейсен ағамыздың тұлғасын ала отырып, ашылған кітаптардың өте құнды дүние деп ойлаймын. Ол кітапта Бейсен құранбек отбасында қандай болды, уәдеде қалай тұрды, жастармен, баламен қандай қарым-қатынаста болудың үлгісі Бейсен ағаның бойынан табылды және сол көрсетілді. Және соны барлық естеліктер арқылы дәлелдеп шыққан, идеал ретінде алуға болатын тұлға екендігін көрсетіп берді.