476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандылық домбырашы Грузияда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды

  • 208
  • UPD: 22:29, 04.08.2022
Қарағандылық домбырашы Грузияда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды

14 жасар қарағандылық Айбек Қасымханов Грузияда өткен халықаралық музыкалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Ол домбырамен алты жасынан бастап айналысады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айбек Қасымханов Қарағанды мамандандырылған музыка мектеп-интернатында домбырамен ән айту сыныбында оқимын. Менің жетекшім – Азамат Түсіпбеков. Көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға, сондай-ақ «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Грузиядағы халықаралық байқауға жас музыкант Түркиядағы жеңістен кейін жолдау алған. «Өткен жылы мен Алматыда өткен халықаралық байқауға қатысып, онда бірінші орын алдым, маған Түркияға жолдама берілді. Мен онда да бірінші болып, Грузияда өтетін халықаралық музыкалық байқауға қатысуға шақырту алдым. Шілде айының соңында ол жерге барып, сәттілік серігім болды: мен Гран-при жеңіп алдым. Келесі жылы мен тағы да Грузиядағы музыкалық жарысқа қатысуды жоспарлап отырмын, өйткені мен сертификат жеңіп алдым. Болашақта өз өмірімді музыкамен байланыстырғым келеді. Домбыра мен дәстүрлі халық әндерін дәріптеймін. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсу жоспарда бар», – деп бөлісті домбырашы. Айбек Қасымханов негізінен халық әндерін орындайды. Түркия мен Грузиядағы байқауларда ол «Бастау» мен «Хәләулімді» туындыларын шырқады. Айбек Қасымхановтың есімі «Қазақстанның алтын балалары» кітабына енді.

Хабар 24 телеарнасы