«Қазақконцерт» бастамасымен «Ел бірлігі – жаңа Қазақстан» жобасы өтеді

«Қазақконцерт» ұйымының бастамасымен елімізде «Ел бірлігі - жаңа Қазақстан» жобасы өтеді.

Мәдени шара аясында өнер ұжымы жаңадан құрылған өңірлер мен Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарына концерт бермек. Өнер керуені шағын аудандар мен моноқалаларға да жол тартады. Мұндағы басты мақсат жергілікті тұрғындарға мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, дәстүрлі өнерді дәріптеу. Сонымен қатар ұйым жаңа өңірлерге қой ішегінен жасалған сирек домбыраны сыйға тартады.

Ақтоты Райымқұлова, Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" МКҰ директоры:

- Моноқалаларда мәдениетке қолжетімділікті тұрғындарға аттыру мақсатында барлық моноқалаларға 2025 жылға дейін жоспарымызды әзірлеп, осы биылғы жылдан бастап концерттік сапарымызбен аттанайық деп отырмыз. Үлкен концерттік топпен бүгін біз Абай облысына аттанып жатырмыз. Бұл біздің бірінші сапарымыз. Одан кейін осы тамыздың 18-інде Ұлытау облысында және қыркүйекте Жетісу облысына барайын деп жатырмыз.