«Менің Әуезовым» кітабы түрік тілінде жарық көрді

«Менің Әуезовым». Осындай атаумен академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың кітабы түрік тілінде жарық көріп, тұсаукесері жасалды.

Өнегелі өмірін қазақ ғылым-біліміне арнаған заңғар жазушы Мұхтар Әуезов жайлы жазылған роман-эссе ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты баяндайды. Кітап авторы Мұхтар Әуезовтің ұстаздық еңбегін бірнеше қырынан көрсеткен. Бұл туындыны басқалардан оқшаулап тұрған ерекшелігі де дара тұлғаның ұстаздығы мен жазушылық қасиеті тоғыстырыла суреттелген. Шараға жиналған зиялы қауым түрік тіліндегі туындыға өз бағасын берді. 

Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері:

- Бұл енді шығыс дәстүрі ұстаз бен шәкірт қатынасы деген. Бұлар өз өмірлерін шығармашылығымен дәлелдеді. Мұхтар Әуезовті киелі түркі елі тағы бір мәрте танитын болды. 

Сұлтан Раев, халықаралық ТҮРКСОЙ Ұйымының бас хатшысы:

- Кітапта Мұхтар Әуезовтың өткен жолы, аға-іні, адамдық позиция, бүкілі көрсетілген. Түркияда шықты. Жақсы қабылданды. Түркі дүниесіне үлкен рухани азық береді деп ойлаймыз.