Семейде Абай күні кең көлемде атап өтіледі

Ұлы ақын Абайдың туған күні жаңадан құрылған Абай облысында кең көлемде атап өтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Үкімет қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленіп, еліміздің мерекелік күндерінің тізбесіне енген болатын. Семейдегі шаралар ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мерекелік бағдарлама аясында қалада кәсіпкерлер форумы, футбол матчы, бірнеше кездесу ұйымдастырылады. «Абай күні» Елордадан арнайы барған Роза Бағланова атындағы «Қазақ концерт» ұжымының «Ұлы дала - Ұлы Абай» атты үлкен концертімен түйінделеді.

Ақтоты Райымқұлова, Роза Бағланова атындағы «Қазақ концерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

- Ең алдымен Абай жерінен бастадық. Семей қаласында үлкен концерт береміз. Жобаның мақсаты – өнер шығармаларының қолжетімділігін арттыру. Өңірлерге бару. Шағын қалаларға, ауылдарға барып, өнерімізді көрсету.